Елде қылмыс азайған

Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу және оларды ашу технологияларымен танысты.

Оның ішінде полиция жұмысын цифрландыру барысымен, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын көрді.

Ведомство басшысы Марат Ахметжановтың баяндауынша, Ішкі істер министрлігі қала көшелері мен қоғамдық орындарда "толық қамту" принципімен бейнебақылау жүйесін енгізіп жатыр.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды. 2 млн 700 мың жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Премьер-министр келіп, цифрландыру қалай жүріп жатқанын, тиімділігі қандай екенін, соның бәрін таныстырып, тек қағаз түрінде емес, құқық бұзушылықтарды қалай анықтап жатырмыз, қолданыста қалай, соның бәрін көрсеттік.