Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін сағат таңғы тоғыздан күндізгі екіге дейін Астана аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз-деп хабарлайды Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.