Е.Қошанов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

«Бүгінде Ата заңымыз әділдік пен теңдіктің символына айналды. Әр қазақстандық үшін бірдей мүмкіндіктерге жол ашылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын толық жүзеге асыруға жағдай жасалды. Осы жолда елімізге бақ-береке, әр шаңыраққа шаттық тілеймін!  Бірлігіміз нығайып, табысымыз арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - делінген фейсбуктегі парақшасында.