Ішкі істер министрі Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздік жүйесін тексерді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент мектептеріндегі қауіпсіздік жүйесін тексерді.

Бүгінде мегаполисте 246 білім беру мекемесі бар. Соның 151-і мемлекеттік. Нысандарда 2 600-ден астам бейнекамера орнатылған. Тексеріс жұмысын жүргізген министр департаменттің жаңа басшысына оларды толығымен бақылауға алып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіруді тапсырды. Мектептерде дабыл түймелері орнатылғандығын да айта кету керек. Бұл жүйе іске қосылса, сигнал бірден полицияға түседі. Сонымен қатар Марат Ахметжанов жауаптыларға оқу орындарының маңындағы жол инфрақұрылымын, жаяу жүргіншілер өткелінің бар-жоғын, мектеп автобустарының жай-күйін тексеруді де жүктеді.