Алматы облысының шаруалары су ресурстары министрлігі құрылуынан көп үміт күтеді

Президент Жолдауда елде ауыз су мен суармалы тіршілік нәрі, оңды-солды жұмсалып жатқанын сөз етті.

Олқылықты түзеу үшін, тиімді  пайдалануды реттеп, қадағалайтын құзырлы мекеме пайда болатынын айтты. Бұл мәселе Алматы облысында да байқалады. Жыл сайын өңірде егін алқаптарын суаруға қажетті мөлшердің тең жартысы ысырап болып жатады. Ирригациялық жүйелер мен арықтардың тозығы жетті. Шаруалар тамшылатып суару әдісін қолдана бермейді. Сонымен бірге «Сорбұлақ» су қоймасының техникалық мүмкіндігі толық иегерілмей жатыр дейді мамандар. Қоймадағы сумен 10 мың гектарды молынан суару мүмкіндігі бар. Алайда қазір суарылатын егістік көлемі үш мың гектарға да жетпейді. Ал жасанды көлге 1 млрд текше метр су сыяды.

Жеңісбек Жұмабекұлы, Іле аудандық су шаруашылығы кәсіпорнының басшысы:

«Елді мекендер қазір Сорбұлаққа келіп жатыр. Маңайын ылғайтып, қалпына келтірейін десе мүмкіндік жоқ. «Алматы Су» рұқсат брмей отыр.Бұрынғы насосный танциялардың бәрін востановить етуіміз керек. Жаңадан насос станция салуымыз керек».