Шымкентте жылу-энерго орталығының жөндеу жұмысы аяқталуға жақын

Шымкентте жылу-энерго орталығының күрделі жөндеу жұмыстары ай соңында аяқталуға тиіс.

Инвестор есебінен қазандықтар ауыстырылып, бір турба-генератор жаңартылды. Нәтижесінде тозығы жеткен қондырғылар 60%-тен 57-ге төмендейді.

Қаланы ыстық сумен қамтитын кәсіпорын жылыту мауысымына дейін тариф бағасын көтеруді сұрап отыр.

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, тұтынушылардан түскен қаражатқа жұмысшылардың жалақысын көбейту көзделген.

Қайрош Оңғарбаев, энергоорталықтың бас директоры:

- Жұмыс 100% бітті. Енді сол бірінші қазандықта КПП деген бар сол жерде жұмыс істеп жатырмыз. Оны өз күшімізбен жасап жатырмыз. Бірінші турбинаны мердігерлер істеген. Үшінші қазандықта да мердігерлер жұмыс істеді. График бойынша уақытында аяқтады.