Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бас прокуратура балалардың құқығын қорғайтын «Е-алдын алу» жобасын таныстырды.

«Бұл әзірге елорда мен Ақтөбе облысында пилоттық жоба ретінде сыналып жатыр. Балаларды жан-жақты қорғау үшін IT-технологияларды қолдану заман талабы дейді», - бас прокурор. Бүгін қадағалау органы басшысының төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтіп, оған министрлер мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, елде күн сайын 6 бала әлімжеттік және басқа да қылмыс түрлеріне тап болатынын айтады. Тіпті бір-екеуі өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасайды. Сондықтан кәмелетке толмағандардың құқығын заңмен бекіту қажет, дейді. Динара Зәкиева  «Балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша және олардың қауіпсіздігіне қатысты Заң жобасының әзірленіп жатқанын жеткізді. 

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

- Балаларға жыныстық қысым көрсеткендерге қарсы жаза күшейтілді. Мұндай істер бойынша шартты түрде соттау және мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Тараптардың татуласуына байланысты осы санаттағы қылмыстық істерді тоқтатуға тыйым салынды.

Динара Закиева, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасында 50-ден астам позиция бар. Олар 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістеренгізуді көздейді. Олардың арасында Балаларға қол көтеру, зорлық-зомбылық, қатігездікке, булинг, терезеден құлау, инфрақұрылым қауіпсіздігі және балаларға арналған меккемелерді лицензиялауға қатысты түзетулер бар.