Аймақтарда күннің көзі жылиды

Өңір-өңірде көкөніс пен астық әлі де жиналып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ күн райы аса қолайлы емес. Алдағы 2 күнде елдің солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қар аралас жауын жаууы ықтимал. Ал Арқа, солтүстік пен шығыста күн едәуір жылиды. Күндізгі уақытта ауа температурасы 18-25 градусқа дейін көтеріледі. Батыс аймақта 23, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлікте 30 градусқа дейін жылы болады.