Елімізде 100 мыңнан астам отбасы кедейлік деңгейінен көтерілді

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың көбі Түркістан облысында тұрады.

Бұл өңірде бүгінде 25 100 отбасы мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Ал биыл атаулы әлеуметтік көмек алып келген 100 400 отбасы кедейлік деңгейінен көтерілді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Негізі былтыр мемлекеттік жәрдемақыны 141,5 мың отбасы алып келген. Ал биыл тамызда олардың саны 102 жанұяға дейін қысқарды. Жалпы атаулы әлеуметтік көмек табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын, жалақысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайын беріліп тұрады.