Берік Уәли ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Берік Уәли Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорда сайтында жарияланды. Берік Уәли 2022-ші жылдың наурызынан бері «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.