Алматы облысында әлеуметтік нысандар салынады

Алматы облысының Ащыбұлақ, Қазцик және Қырғызсай ауылдарында 3 спорт алаңы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде онкологиялық скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешендер құрылады. Қаражатты «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бөліп отыр. Қордан түскен қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтау саласына берілді. Шалғай жатқан елді мекендерде «Денсаулық жолы» жылжымалы пункттерін құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Өтеген батыр ауылындағы облыстық балалар клиникалық ауруханасын жабдықтау үшін 66 млн теңге бөлінді.

Білім саласын дамыту үшін де қор көмегімен бірқатар жоба жүзеге аспақ. «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысының 13 тұрғынына жалпы сомасы 76 млн теңге болатын протездер алып берген.

Қазіргі таңда қорға 156 млрд теңгеден астам қаражат жиналған. Оның 50 млрд теңгеге жуығы 40 жобаға жұмсалыпты.

Салтанат Беспаева, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы:

- 50 мектебіміздің 200 кабинетін, яғни физика, биология, химия кабинеттеріне заман талабына сай жабдықтау қажет. Негізі мақсатымыз, кабинетімізді жабдықтауды сұрап отырымыз, ұсыныс жасап отырмыз.