Жемқорлық фактісі туралы Telegram-бот арқылы хабарлауға болады

Енді жемқорлық фактісі жайлы мәліметті құзырлы органдарға әлеуметтік желі арқылы жіберуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бармақ басты, көз қысты әрекетті байқап қалсаңыз дереу Telegram-ботқа жүгініңіз. Экранда жазылып тұрған @antikorkz_bot логинын теріп, құзырлы органдарға күдік тудырған ақпаратты жедел жеткізе аласыз. Одан бөлек, мұнда іздеудегі адамдар жайлы мәліметті де хабарлауға болады. Азаматтардың 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес алуына мүмкіндік бар.