Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Агенттіктің жаңа басшысын ұжымға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Эльдар Толғанбаев таныстырды.

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алған, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдады.
Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет істеді. 
2015-2016 жылдары «Қазмедиа орталығы" Басқарушы компаниясы» ЖШС-де, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жылдары - "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы. 
2019-2020 жылдары - "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқарма Төрағасы.
2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап "Ұлттық Медиа Қауымдастығы" ЗТБ төрағасы болды.