Қостанай облысында Astana Hub цифрлық технопаркінің өкілдігі ашылады

«Qostanai IT HUB» деп аталатын орталықты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Онда стартап жобалар жүзеге асырылып, бастамаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Қазір 15 жоба іріктеліп, авторлары оқытылып жатыр. Келер жылы тағы отызы іріктеледі. Жалпы облыс аумағында 370 IT компания бар. Олардың жартысы бағдарламалаумен айналысса, қалғаны веб-порталдар, мобильді қосымшалар жасайды. Бұл салада үш мыңнан аса адам еңбек етеді.

Азамат Қашиев, ақпараттандыру басқармасының басшысы:

- Облыста цифрлық жобалар жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. Олар негізінен агроөндірістік кешендерде, көлік саласында және ТҮКШ-да қолданылады. Жалпы өткен кезеңде өңірдегі мемлекеттік қызметтің 98 проценті электронды түрде көрсетілді. Бес жылда онлайн қызмет алу көрсеткіші 4 есеге өсті.