Петропавлда шахмат федерациясы құрылды

Шахматты насихаттаған керуен Солтүстік Қазақстан облысына жетті.

Салтанатты шара барысында облыстық шахмат федерациясының тұсауы кесіліп, жиналған жұртшылыққа мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Артынша арнайы турнир өтті. 20 адам бақ сынасып, жеңімпаздары Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алды. Қазір аймақта бес мыңнан астам адам спорттың осы түрімен айналысады. Олардың жартысынан көбі ауылда тұрады.

Александр Бабенко, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті:

- Соңғы жылдары біз елімізде шахматтан үш мәрте әлем чемпионатын ұйымдастырдық. Ал тамыз айында оқушылар арасындағы алғашқы әлем чемпионаты Ақтауда қаласында өтті. Қазір бұл спорт түрі бізде жақсы дамып келеді. Сондықтан өңірлерге де баса мән беріп отырмыз. 30 адамнан құралған топ 14 мың шақырымды еңсеріп, барлық облыста осындай ашық турнир ұйымдастырады.