Америкалық актер қазақтың қонақжайлығына тәнті

«Галактика сақшылары» фильмінің жұлдызы Шон Ганн шақырып жатса, тағы да Қазақстанға келуге әзір.

Бұл туралы әйгілі актер біздің арнаның журналистеріне берген сұхбатында мәлімдеді. Голливуд актері Comic Con фестиваліне басты қонақ ретінде қатысады. Фестиваль комикс, видеоойын, аниме және манга индустриясына арналып отыр. Актер Астанаға алғаш рет аяқ басқан. Ол сұхбат барысында Қазақстан халқының қонақжайлығын ерекше атап өтті.

Шон Ганн, америкалық актер:

- Мүмкіндік болса, Қазақстан тағы да келемін. Маған сіздерде бәрі ұнайды. Бірнеше қалаға бардым. Мәселен, Алматыда тау, табиғатқа тәнті болдым. Астана да ерекше ұнады. Бұл жердің халқы жылы қарсы алды, қонақжай пейілін танытып жатыр.