Ақтөбе облысының орман қоры ұлғайтылып жатыр

Ақтөбе облысының орман шаруашылықтарында ағаш егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Тек Ойыл ауданындағы алқапта 865 гектар жерге   қарағаш, қарағай, үйіңкі мен  шаған  егілді. Орман қорын қорғау мен қажетті техника паркін жаңарту ісі де басты назарда.

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Ойыл орман шаруашылығының жалпы аумағы 33 мың гектардан асады. Мұнда ағаш пен бұтаның 20-дан астам түрі бар. Арасында жеміс жидекті де кездестіруге болады. Ал негізгі бағыты эрозияға қарсы өсімдік шаруашылығын дамыту.

Ойыл өлкесіндегі орманды алқап-өңір бойынша таңдаулы шаруашылықтардың қатарында. Сондықтан қорды қорғау басты міндет. Әсіресе, сәуір мен қазан аралығындағы өрт қауіпі жоғары кезеңде мекемедегі 63 адамның жұмысы қызады.   Соңғы жылдары бірнеше өңірде орман өртенген соң, мұнда да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Әсіресе, қолда бар техникалардың санын арттырып жатыр.

Мейірбек Әжімұратов, тракторшы:        

- Биыл міне трактор келді. Қолайлы бұрыңғыға қарағанда, бұрыңғы тракторлер енді ескі тракторлар болды. Адамға ыңғайлы. жер жыртуға, пожарный полосалық жұмыстарға, қай жұмыстарға да ыңғайлы.

Жалпы, бүгінгі күні маман тапшылығы жоқ. Дегемен мекеме басшылығы алдағы уақытта салаға жастарды тарту үшін жалақыны   көтеру керектігін жасырмайды. Мәселен, бүгінде еңбек етіп жатқан тракторшылар мен өзге де қосалқы қызметкерлердің орташа жасы 40-тан асып кеткен. Сондықтан, қазірдің өзінде, тиісті ұйымдармен байланыс артыпты. Сондай-ақ, орманшылар дайындайтын Астана, Алматы және Орал қаласындағы оқу орындарымен қарым-қатынасты арттыру жоспарда. Ал орман қорын қорғаудан өзге, оның көлемін ұлғайту үшін 10-нан астам тал-теректің түрі тәлімбақта өсіріліп жат  .

Темірбек Әділбекұлы, ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі директорының орынбасары:

- Тәлімбақтың жалпы аумағы 16 гектар. Мұнда қараағаш, қарағай, үйіңкі, шаған тағы басқа ағаштар өсіріледі. Жалпы, 10 түрі бар көшеттің. Қолданамыз тамшылатып суаруды. Суды үнемдеу мақсатында.

Бүгінде облыс бойынша 8 орман шаруашылығы бар. Олардың қажеттілігін өтеу кезең-кезеңмен орындалып келеді.

Авторлары: Әнуарбек мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев