Маңғыстау облысында қылмыстық топ құрықталды

Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура және полиция қызметкерлері бірлесіп, 4 күдіктіні қолға түсірді. Заңсыз қаруланған ер адамдар жолда тауар тасумен айналысатындарды қорқытып, олардан ақша талап етіп отырған. Бұзақылардың шектен шыққаны соншалық, қызметтік міндетін атқарған шекарашыға зәбір көрсеткен. Тінту кезінде шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді.

Әркен Әбдіғали, ҚР ҰҚК ресми өкілі:

- Маңғыстау облысында азаматтарды бопсалау, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға қатысты күдікті топтың жолы кесілді. Бірлескен операция кезінде топ көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталды. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.