Келер жылы шегіртке шабуылы күрт көбеюі мүмкін

Келесі жылы шегіртке таралу циклінің шарықтау шегі болады.

Мамандар осындай болжам жасап отыр. Соңғы рет шаруалар зиянкестердің мұндай шабуылына 2014 жылы кезіккен. Арада 10 жыл өткеннен кейін 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры қайта таралуы мүмкін. Бұл биылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Зиянкестер Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл өңірінде көп таралуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек бөлінген 4,2 млрд теңге шегірткелердің таралуына тосқауыл болуға жетпейді - дейді. Сондықтан Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану үшін қосымша қаржы бөледі. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин дайындықты қазір бастау керек деді.