Astana Media Week: аймақтардың БАҚ мәселесі

Бүгін "Astana Media Week" апталығының екінші күні.

Ауқымды шара қоюшы-суретші Юлия Кравченконың "Баламалы шынайылық" атты диджитал көрмесінен басталды. Ал залда "Өңірлік БАҚ форумының" екі панельдік сессиясы өтті. Бірінші сессия "Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері" тақырыбына арналды. Жылдамдық, ақпарат көлемі және бәсекелестік туралы айтылды. Екінші сессияда өңірлердегі рейтингі жоғары жобалар жөнінде сөз болды. Форумның "Public Talk" ((Паблик Ток)) бөлігінде қатысушылар медиақұндылықтардың даму жолы мен этика жайын талқылады. Түскі үзілістен кейін отандық фильм тұсаукесері мен "MediaQuiz" ((МедиаКуииз)) жұмбақ шешу ойыны өтеді.

Дина Төлепберген, "Astana Media Week" апталығы сессиясының модераторы:

- Жаңа технологиялар өкінішке қарай жергілікті аймақтарда жұрдай. Сол жаққа барсаңыз, өзіңізді кеңес заманында жүргендей сезінесіз. Техника, технология, ақша осының барлығын жергілікті аймақтарға біз құюымыз керек. Ал жергілікті аймақтағы біздің жас қыздарымыз ол біздің кадрлық резерв. Ертең олар республикалық арналарға келіп, отандық медиа-индустрия дәрежесін одан сайын көтереді.