Атырау қаласында 4 өрт сөндіру бөлімі салынады

Қала аумағы кеңейіп,   құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жаңа өндірістік орындар салынуда. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен төтенше жағдайдың алдын алу үшін өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысы күшейтілмек. Өңірге жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  өрт-сөндірушілермен кездесіп, 11 жеңіл көліктің кілтін табыстады. Алдағы уақытта тағы 30-дан аса техника беріледі. Сапар барысында министр «Ақжайық» резерватына әуеден барлау жасады. Жаз шықса өртке оранатын аумақты көріп, мәселені шешу жолдарын талқыға салды.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Ең бірінші тікұшақтар болуы керек осы жерде 24 сағат кезекшілікте болатын. Қандай тәсілдермен өшіруіміз керек оны да ойлану керек. Өйткені ауыр техника қамыстың арасына бара алмайды, батып қалады. Жеке құрамның денсаулығына да қауіп төндіреді. Сол себепті осы маңызды мәселені ғылыми зерттеу жүргізіп, бір шешімге келуіміз керек.