Павлодарға Қытайдың Сиань қаласынан бір топ делегат келді

Олар Инновациялық Еуразия университетінің жанынан қытайлық студенттер үшін білім орталығын құруды көздейді.

Ал Сианьда Павлодардың жоғары оқу орны өзінің филиалын  ашады. Сиань қаласында Қытай мен Орталық Азия арасында бірлескен мәдени алмасу орталығын ашатын меморандумға қол қойылды. Қазір Инновациялық Еуразия университетінде қытай тілін меңгеріп жатқан студенттер көп. Делегация мүшелері басшылық ететін оқу орындары жайында айтып, жастарды өз елінде білім алуға шақырды. Олардың айтуынша оқу үлгеріміне қарай грант қарастырылады. Жұмысқа тұруға да қолдау болады.

Гүлвира Мұсабекова, университет ректоры:

- Ақпараттық жүйелерде бүкіл қазақстанның жоғары оқу орындары болады. Сол тізімнен олар өздері қарап отырады мысалы. Мынау университеттің сайтына кіреді, аккредитациясына қарайды басқа талаптарына қарайды. Сондықтан олар осындай кішігірім университетке тоқталып отыр. VI -1 деңгейіне жеткен балалар қытайлық балалар бізге оқуға түсе алатын болады.

Ван Ган, Сиань кәсіби дайындық колледжінің басқарма төрағасы:

- Алдағы жарты жылда жұмысты бастауға барынша күш саламыз. Жарты жылдан  кейін біздің студенттер Қазақстанға келе алады. Ол үшін мен көптеген оқу орындарының басшыларынан құралған делегацияны бастап келдім. Екі жақты ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін.