Polymetal Қазақстанда ресми түрде тіркелді

Ол алтын өндірісмен айналысатын әлемдегі ірі компания.

Инвестор сауда-саттық алаңын Лондоннан Астана қор биржасына ауыстырып отыр.

Polymetal - тау-кен саласындағы әлемге әйгілі компания. Алтын және күміс өндірумен айналысады. Бүгін компания басшылығы тіркеу шараларының Қазақстанда сәтті аяқталғанын хабарлады.

Виталий Несис, Polymetal International plc компаниясының бас атқарушы директоры:

- Біз үлкен жұмыс атқардық, 500-ден аса инвестормен кездестік, әрқайсымен жеке жеке келіссөз жүргіздік. тек осылай ғана акционерлерді Қазақстанға келуге көндірдік, қазақстанда қандай мүмкіндіктер барын айттық, Нәтижесінде дауыс берушлердің 90 пайызы бұл шешімді қолдады.

Осылайша қазақстандық қор биржасы жаңа ойыншымен толықты. Бүгінде  Polymetal-дың нарықтағы капиталы 2 млрд Ақш Долларға бағаланып отыр. Бір айдан соң ғана бір күнде сатылған акцияларының жалпы құны 805 мың долларға жеткен.  Бұл компанияның сенім үдесінен шыға білгенін білдіреді. Инвесторларға жайлы алаң ұсынуға дайынбыз, дейді мамандар.

Ренат Бектұров, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Бұл не деген сөз десек, енді  ірі инвесторлар, Polymetal-дың акционерлері, оның ішінде миллиардтаған активтері бар Вангард, Норвегия қоры сияқты инвесторлар біздің алаңымызға келіп отыр. Енді жергілікті акциялармен бірге қызығушылықтар болған жағдайда сауда-саттық жасай алады. Яғни еліміздің нарығының өсуіне едәуір пайда әкеліп жатыр.

Әзірге Polymetal Астана қор биржасына тіркелген ең ірі компания. Жаңа ортада жұмыс бастауға мүмкіндік алған компанияның жоспары да ауқымды.   Авторлары: Назерке Тоқжан, Мұрат Әріпханов