Павлодарда «Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті

Павлодарда «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңі мәресіне жетті.

Өндіріс ошақтары көптеп шоғырланған өлке кәсіби білікті мамандарымен танымал. Кәсіпорындарда тәлімгерліктің жақсы дәстүрі қалыптасқан. Достық үйінде ардагерлер, үздік еңбек әулеттері, дәрігерлер мен ұстаздар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, құрылысшылар марапатқа ие болды. Олар күнделікті көзге түсе бермейтін, бірақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан карапайым адамдар. 

Жасылбек Тақыров, Қазақстан электролиз зауытының жұмысшысы:

- Он жыл алюминий зауытында жұмыс істедім. Мына электролиз зауыты ашылғаннан бері сонда істеймін. Ашылғаннан бастап он алты жылдай уақыт өтіпті сонда жұмыс істеп жатырмын. Еңбек ету керек адал, сонда енді осындай нәтижеге жетесің. 

Динара Айтжанова, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

- Өкінішке орай, бізде өндірістік жарақаттар азаймай тұр. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден,  өндірістеріміздің тозуы, екіншіден, жұмыс берушілердің  қауіпсіз еңбек жүйелерін құруға құлық танытпайтыны. Жұмысшылар тарапынан  салғырттық барын да  мойындау керек. Сондықтан кәсіподақтар  қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру үшін кәсіпорындарға қоғамдық бақылау жасайтын техникалық инспекторларды ұсынады. Біз  жалпы еңбек адамына алғыс айтуымыз керек - деп санаймын.