Елордада халықаралық журналистика мектебі ашылды

Maqsut Нәрікбаев Университетінде елдегі тұңғыш халықаралық журналистика мектебі ашылды.

Соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған білім ордасында 200-ге жуық студент бар. Оларға шетелдік белді университеттердің түлектері сабақ береді. Пәндердің 70 пайызы ағылшын тілінде өтеді. Бүгін елордада мектептің ашылу салтанаты өтті. Шараға ақпарат саласының өкілдері жиналды. Мұнда оқу бағдарламасы 3 жылға созылады. Осы аралықта жастар жазба ісін ғана емес, бейнемонтаж, мобилаграфия және операторлық дағдыларды меңгеріп шығады.

Ерболат Мұхамеджан, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары:

- Әлемдік мықты университеттердің түлектері бізде сабақ беру процесін қарап жатырмыз. Министр Асхат Аймағамбетов те бізде сабақ беріп жатыр, Екатерина Шульман және шетелден де тарту процесі ойластырып жатыр. техникалар өте жаңа. Соңғы үлгідегі техниканың барлығын алдық.