Өскеменде өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өтті

Өскеменде көпқабатты үйлердегі өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 11 бірлік техникасы мен жеке құрамның 35 маманы жұмылдырылды. Бұған дейін өңірде 7 жоспарлы жаттығу өткен. Алдағы уақытта тағы 40-ын өткізу көзделген. Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Жарас Мағұлов, ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру, авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары:

- Бүгін Өскемен қаласында көпқабатты үйлерде болатын өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Онда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жоғарғы қабаттардағы автосаты мен құтқару арқаны арқылы адамдарды құтқару жұмыстары өткізілді.