Қарағандыдағы академияның курсанттары ант қабылдады

Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігіне қарасты академияның биылғы курсанттары салтанатты түрде ант қабылдады.

Бұл шара оқу орнының негізін қалаған соғыс ардагері, әділет генерал-майоры Бәрімбек Бейсеновтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. Курсанттар үшін маңызды шараға еліміздің әр өңірінен ата-аналар келген. Академия 55 жыл ішінде ішкі істер саласында, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура, адвокатурада қызмет етіп жүрген 20 000-ға жуық маман даярлаған. Білім ордасының табалдырығын биыл аттаған тыңдаушыларға арнап тәжірибелі мамандар мен арнайы жасақ өкілдері шеберлік сағатын өткізді.

Нұрсұлтан Амангелдіұлы, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты:

- Осы таңды біз ұзақ күттік. Қанша дайындалдық, қиыншылықтар болса да, намысты қолдан бермей, осы күнге жеттік. Қарағанды академиясында полиция қызметкері болу менің бала күнгі арманым болып келеді.