Үкімет басшылары өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынды алғаш рет өткізіп отырған Қазақстан 2019 жылдан бері «Иннопромның» тұрақты қатысушысы болып келеді. Негізгі мақсат – өндірістік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және тәжірибе алмасу. Келушілер назарына металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің кең ассортименті ұсынылды. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ серіктестерімен бірлесіп, өнеркәсіп саласында 38 жобаны жүзеге асырған.