Елімізде Орталық Азиядағы ең ірі автотрансформатор құрастырылды

Қуаты 250 мың киловольт-ампер және кернеуі 500 киловольт болатын үш фазалы трансформатор бұрын Қазақстанда шықпаған.

Жаңа құрылғы тұтас бір қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Салмағы шамамен 300 тонна болатын автотрансформаторды зауыттағылар өндірістегі ең үлкен жетістік, дейді. Олар бұрын мұндай құрылғы құрастырып көрмепті. Үш фазалы трансформатор  бір қаланы электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

Омар Асанов, компанияның басқарма төрағасы:

- Сынақ нәтижелеріне қарағанда бұрынғы біздің осындай аналогичный трансформатор шығаратын зауыттардың өнімдерімен салыстырған кезде   өзіндік шығыны 45 пайызға төмен болып шықты. Соны дәлелдедік тапсырыс берушілердің алдында. Өте тиімді.

Көптің назары қазір жергілікті мамандардың тың туындысына ауып отыр. Автотрансформаторға қажетті бөлшектің 80%-і осы зауытта шығарылған. Бір жылға жуық құрастырылған жаңа құрылғы жақын арада Қостанай қаласына жөнелтіледі. Дегенмен тасымалдау да оңайға соқпайды.

Елімізде электр энергиясы түйткілді мәселе. Мемлекет басшысы өз Жолдауында да елді сенімді әрі толықтай электр қуатымен қамту үшін жаңа шешімдер қабылдау керегін айтқан еді. Сарапшылар мұндай жаңалықтың өзекті мәселені реттеуге септігін тигізетінін айта

Диас Қадыров, сапа инженері:

- Біз электр энергиясы саласындағы күрделі мәселелерді шешу үшін үнемі ізденеміз. Жаңа нәрсеге ұмтыламыз. Біздің трансформаторлар барлық жүтемені көтере алады.

Түркістан облысы

Елімізде жоғары технологиялық трансформатор өндірісі Кентауда да бар. Кәсіпорында шет елдік сұранысқа ие өнімнің 400-ден аса түрі шығарылады. Сапаның жақсы болуы сұраныстың да артуына жол ашып от

Бауыржан Құдайбергенов, трансформатор зауытының басқарма төрағасы:

- Біз жылда әр салаға жаңа продукция шығарамыз. Мысалы теміржолға, нефтянниктерге, горнодобывающий промышленностке жаңадан тасымал жасаймыз. Құрғақ трансформаторлар да бар. Біз осы жылы өндіріске шығарып жатырмыз. Біз жылына 15 түрлі трансформатор шығарамыз. Подстанция бойынша 10-нан жоғары.

Зауыттар алдағы уақытта жобалау институттары және ғалымдармен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Қазір ірі және блокты трансформаторлар бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Тіпті пеш трансформаторлары да жасалады.   Олар еліміздің қажеттілігін қамтығаннан кейін ТМД елдеріне экспортталады.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Катерина Попкова, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов