Ақтауда жағажай қоршауын қиратқандар жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында бұзақылық азаймай тұр.

Полиция департаментінің мәліметінше, биыл 5 мыңнан аса адам «вандализм» бойынша әкімшілік жауапқа тартылған. Жақында Ақтауда үш бала жағажай қоршауын қиратып кеткен. Полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап, жақындарын шақыртқан. Бұзақылық жасаған жасөспірімдердің ата-аналарына 34 мың 500 теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД баспасөз хатшысы:

- 6,7 және 11 жастағы балалардың заңды өкілдеріне ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.