Қарағандыға электр жарығы берілді

Бүгін Қарағанды облысының бір бөлігін жарықсыз қалдырған апат себебін Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің мамандары анықтайды.

2 сағатқа жуық электр жарығының болмауынан қаланың орталық көшелері кептеліп, ұялы байланыс пен интернетте қиындық туындаған. Кейбір шағын аудандар ауызсусыз қалды. Қазір бәрі қалыпқа келіп, қала күнделікті тірлікке көшті. Апат салдарынан өшкен барлық су сорғы құралдары ретке келтіріліп жатыр. Қысым біртіндеп күшейтіледі, - деді мамандар.

Мұхтар Сүлейменов, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС техникалық директоры:

- Апат салдарынан 3-ЖЭС-ның сыртқы желідегі 220 вольтті қорғаныш дачиктері іске қосылған. Салдарынан ток өшіп қалған. Қазір энергия қайта берілді. Станция жұмысы қалыпқа келтіріліп жатыр.