Digital Bridge -2023: Астанаға әлемнің 15 елінен өнертапқыш келеді

Астанада Digital Bridge форумына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі шара 12-13 қазан аралығында өтеді. Халықаралық ауқымдағы форум 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл қатысушылар қатары артқан. 300-ден аса IT компания, 100-ден аса инвестор, 250 сарапшы мен әлемнің 15 елінен өнертапқыш келеді.

Digital Bridge-дың басты мақсаты – Қазақстандағы IT саланың әлеуетін арттыру, отандық стартап жобаларға жол ашып, инвестор тартуға септесу, - дейді мамандар. Былтыр форумда 24 кездесу өтіп, цифрлық салада 29 келісімге қол қойылды.  

Ерсұлтан Ерманов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің департамент директоры:

- Осы жылғы күн тәртібі жасанды интеллектіге арналады. Мұндағы айтылған ойлар цифрлық саланың дамуына әсеи етеді деп үміттенеміз. Бұл халықаралық форум дәстүрлі түрде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетел мемлекеттерінің өкілдері, халықаралық коорпорациялардың көшбасшылары, үздік халықаралық және отандық сарапшылар және барлық өңірден келген венчурлық қатысушылардың қатысумен өтеді.