Жамбыл облысындағы иесіз үйлер қалпына келтіріледі

Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында қаңырап бос тұрған көпқабатты үйлер азайып келеді.

Қала әкімдігі иесіз қалған ғимараттарды жөндеп тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға ұсынып жатыр. Шағын шаһарда апатты жағдайдағы 40 шақты үй сүрілген. Бос тұрған үйлердің көпшілігі қалпына келтірілді. Қазір 5 үй жөнделуде. Құрылысқа жүздеген жұмыссыз жан тартылған. Жыл соңына дейін баспанаға мұқтаж 372 жанұя осы пәтерлерге кіріп, қоныс тойын тойламақ. Иесіз үйлердің проблемасы келер жылы толық шешіледі деп жоспарланған.

Жайықбай Шалдаров, Талас ауданы әкімінің орынбасары:

- Келесі жылы 2 үй қалып отыр. Сол 2 үй біткен кезде Қаратау қаласында бос тұрған үйлер болмайды. Келесі кезекте бізде енді әртүрлі үйлер арасындағы бөлек-бөлек пәтерлер бар, коммуналдық меншіктегі үйлер.  Сол 91 үйді жөндеуден өткізіп, кредит беру арқылы біздегі мысал үшін кезекте тұра алмайтын мұқтаж адамдар бар, соларға кредит арқылы беру жұмыстарын жүргізетін боламыз.