Арнайы медициналық мекемелердің жұмысын жетілдіру бағытында заң жобасы әзірленіп жатыр

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын жетілдіру керек.

Мәжілісте осы бағытта жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қарағандыда өткен әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Маңызды құжатта біраз мәселе қамтылған. Мәселен, қазір әлеуметтік орталықтардың көпшілігі жабық жағдайда жұмыс істейді. Онда не болып жатқанын ешкім білмейді. Құзырлы органдардың өзі ескертусіз, рұқсатсыз кіре алмайды. Ал талқыланып жатқан  заң сол кедергілерді жойып, шұғыл жағдайда тексеруге мүмкіндік бермек.  Қауіпсіздік күшейеді. Мекеме басшыларын белгілі бір уақытта ауыстырып отыратын арнайы бап енгізіледі. Талап қатаңдай түседі. Комитет мүшелері Қарағандыдағы бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында болып, қызметкерлермен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Асхат Аймағанбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы:

- Заң жобасында бір ғана норма болмайды. Оның ішінде жаңағы біз айтқан лицензиялау мәселесі де қамтылады, оның ішінде мен айтқан ротация мәселесін де қамтимыз деп отырмыз. Оның ішінде тиісті талаптарды күшейту мәселесі қарастырылып отыр. Соның ішінде осындай жабық мекемелерді шұғыл тексеру мүмкіндігін беру мәселесін қарастырып отырмыз. Қазіргі уақыттың өзінде бізде 50-ден астам түрлі нормалар қарастырылған. Осы нормаларды қабылдап, оларды қазір пісіріп, дайындап, ақылдасып, бір өте жақсы заң дайындау керек деп ойлаймыз.