Қостанай облысында құрғақ қымыз өндіріледі

Қостанай облысындағы агроөнеркәсіп кешендерінде 72 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде сүт өндірісін дамытуды міндетеген болатын. Соған байланысты  өңірде осы салаға басымдық берілмек. Алдағы екі-үш жылда облыста 23 сүт-тауарлы ферма ашылады. 500 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Алты ферманың құрылысы басталып та кетті. Оның ішінде құрғақ қымыз шығаратын цех жобасы ерекше маңызға ие. Оның алғашқы кезеңі биыл аяқталады. Ал кәсіпорын толық іске қосылғанда, фермада қысы-жазы мың бас жылқы сауылады –дейді мамандар.   

Дмитрий Евстафьев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Біз үшін бұл таңсық және ерекше жоба. Ерекшелігі сол тұрғындарды жыл он екі ай саумалмен, қымызбен қамтамасыз ететін болады. Одан бөлек жылқы сүтін медициналық мақсатта, косметологияда пайдаланамыз. Құрғақ қымыздың негізгі бөлігі шет елдерге экспортталады. Өндіріс қуатын жылына 40 тоннаға жеткізу көзделіп отыр.