«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің аумағы ұлғаяды

Көлсайдың сұлу табиғатын көруге биыл 500 мыңға жуық адам келді.

Табиғи паркте туристік инфрақұрылым дамып, қызмет көрсету сапасы едәуір жақсарып қалды. Дегенмен, әлі де атқарылатын жұмыс көп. Қазір парктің ғылыми қызметкерлері орман қорын молайтып, жабайы аңдарға жем-шөп әзірлеуге кіріскен.

Алмас Садуақас, тілші:

- Таудағы орман көркі әрине, шырша мен қарағай. Ал Көлсай табиғи паркі аумағында Шренк шыршасын өсіру оңай шаруа емес. Оның биіктігі 2-3 метрге жетуі үшін 25-30 жыл керек.

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің жалпы аумағы 161 мың гектар. Басым бөлігі шыршалы орман. Орман аумағын ұлғайту жұмыстары жылда жоспарға сай жүргізіледі. Шренка шыршаларының көшеттері Құрметі орман шаруашылығында өсіріледі. Биылдың өзінде арнайы бөлінген жердерге 95 мың дана көшет егілді. Мемлекеттік инспектор Сандуғаш күн сайн жас көшеттерді күтіп, себуге дайындайды.

Сандуғаш  Бәзілбаева, орманшы:

- Әрине, еңбекпен келеді ғой бұл шырша деген. Кішкентай тұқымынан бастап оның күтімі өте қиын. Нәзік қой бұл. Шырша деген өзі үлкен болғанымен өскенше нәзік болады бұл. Бұның жұмысы көп» скл «Баладай мәплеп бақбасаң, қарамасаң шықпайды.

Тұқымбақтағы көшет орманға егілу үшін 15-20 см дейін өсіп жетілуі тиіс. Күн ара парк қызметкерлері суғарып, арамшөптерден тазартады. Жалпы жатаған шырша теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте жартасты тау беткейлерінде өседі. Қарағай тұқымдас мәңі жасыл ағаш 250-300 жыл жасайды.  Шырша тау беткейіндегі топырақты шайылудан қорғайды.

Бексұлтан Болатұлы, табиғи кешендерді қалпына келтіру инженері:

- Өзімізге қажетті орман көшеттерін өсіру жұмыстары атқарылады.Бұл жерде 1 жылдық пен 4 жылдық арасында екпе көшеттер бар. «Парктің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 13,9 гектар.

Жалпы ерекше қорғалатын табиғи аймақта бір де бір шыршаны кесуге рұқсат етілмейді. Егер ондай жағдай анықталса, жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 450 мың теңге көлемінде ақшалай айыппұл арқалауы мүмкін. Жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»  енгізілген.

Мақсат Әлімқұлов, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары: 

- Табиғатымызды қорғау үшін көбінесе біз рейдттер ұйымдастырамыз. Биылғы жылдың өзінде 92 рейд жасадық.Сол рейд ішінде заңбұзушылықтарлан 47 хаттама толтырдық.енді көбінесе заңсыз кіріп кетеді адамдар. Содан кейін мусор тастайды. Сол бойынша хаттама толтырамыз.

Сонымен бірге жабайы аңның қыстық азығын әзірленуде. Тұяқтыларға  50 тонна шөп жиналып, науалар орнатылып, тұз төгетін жерлер белгіленлі. Орман қорының молаюы жабай аңдар мен құстардың өсіміне жақсы. Қазір парк аумағында жүргізілген санақ бойынша  640 бас марал, 585 сібір таутекесі, 400 ге жуық  елік, алты жүзден астам  жабайы шошқа бар. Шатқалдың әр жеріне фототұзақтар орнатылған. Инспекторлардың айтуынша тауда сілеусін мен қар барысының саны артқан.

Мақсат Әлімқұлов, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:

- Жыл сайын аң санақты қыста көктемде екі мезетте аң санақ өткіземіз. Ол 14 маршрут бойынша жүргіземіз. «Қазіргі кезде қар барысының 16 дарағы бізде нақты көрсетіліп отыр.

Көлсайды көруге биыл 500 мыңға жуық адам келді

Алмас Садуақас, тілші:

- Көлсайдың тамаша табиғатын көруге адамдар жыл он екі ай  келеді. Ал олардың сапары сәтті , қозғалысы жеңіл әрі ыңғайлы болу үшін биыл ағаштан жаяу соқпақтар жасалды. Жаңа  туристік бағыттар ашылды.

Жаздағы адам нөпірі азайып, көл аумағындағы қайнаған тірлік саябырсыған. Десе де Көлсай жылдың қай мезгілі болса да түрленіп, көркейіп тұрады. Демалыс күндері туристер көп келеді. Алматы мегаполисінен шалғайда жатса да көлдің табиғатымеен танысуға шетелдік асығып жетеді. Оларлың саны жыл сайын артып келеді.

Давид Сташчак, саяхатшы (Чехия):

- Кең даламен келе жатып таудың қойнауына еніп кеткенде  таң қалдық. Шатқалдармен, өзен сулар, жасыл желекті ормандар бар. Ал Көлсайдың көркі тіпті керемет. Барлығы бір жерге жиналған. Бұндайды еш жерде кездестірмеппін. Ал судың тұнықтығы тіпті таңқаларлық.

Көлсайда эко туризмді дамытуға мүмкіндік көп. Мамыр айыннан қарашаға дейін жалдамалы киіз үйлерге қонуға болады. Және оларлың саны жылдан жылға артып келе жатыр. Бірақ бұл жерлер парк аумағаны кірмейтінін айта кету керек. Қазіргі таңда ұлттық паркпен келісім шартқа отырған 13 туристік фирма жұмыс істейді. Экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында туристер мен демалушыларға арналған 7 туристік бағыт қызмет көрсетеді.Келесі жылы Қайыңды көліне бараратын жол салу көзделіп отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов