СҚО-да «артемия салина» шаяны заңсыз ауланған

Оңай жолмен олжа таппақ болған қылмыстық топты ұстауға арнайы мақсаттағы «Арлан» жасағы тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс кезінде Мамлют ауданындағы кәсіпорын мен жер үйдің аумағынан 15 тонна шаян табылған. Оның басым бөлігі өңделіп, сатуға дайын тұрған.

Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша мен оқ-дәрі тәркіленді. Артемия салина шаяны Қытай елінде жоғары сұранысқа ие бағалы жәндік болып есептеледі. 

Бейбіт Әлмұхамбетов, облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы:

- Барлық мән-жайды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Келтірілген шығын сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.