Атырау облысында аудандардың экологиялық жол картасы жасалады

Атырау облысының тұрғындарына кешенді экологиялық-медициналық зерттеу жүргізу керек.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары осылай деді. Олар мұнай компания басшылары, экобелсенділермен кездесіп күрделі проблемаларды талқылады. Каспий теңізі мен Жайық өзенінің тартылуы, суды үнемдеу сияқты мәселелер көтерілді. Мәжілістегі Экология мәселелері мен табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бұл проблеманы Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қарау керектігін айтты. Қазір ешбір облыста «Аудандардың экологиялық жол картасы» жоқ. Бұл жоба жүзеге асыру Атырау өңірінен басталады.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қордаланған экологиялық мәселе көп. Ірі мұнай кәсіпорындарынан шығатын ауа лас заттардың әсері, бұл да – экологиялық проблеманың бірі. Шындығында Атырау облысының экологиялық ахуалын жөндеу үшін шаралар алынуы керек деп есептейміз. Экологиялық жағдайлардың адамдардың денсаулығына әсерін білу үшін нақты, қандай аурулар туғызып отырғанын анықтау үшін кешенді медициналық экологиялық зерттеулер жүргізу керек.