Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе басталды

Қостанай облысында жедел респираторлық вирус инфекциясының өршуі байқалып отыр.

Соңғы аптада аймақта төрт жарым мыңға жуық адам осы ауруға шалдықты. Мамандар вирус жұқтырғандар саны артады деп болжайды. Ал тұмау облыста әзірге тіркелген жоқ. Қазір осы дертке қарсы екпе егу жүріп жатыр. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есебінен вакцинаның 85 мың данасы сатып алынды.

Гүлім Досымова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Тұмау әдетте қараша, желтоқсан айларында белең ала бастайды. Желтоқсанның аяғы, қаңтардың басында шарықтау шегіне жетеді деп күтіліп отыр. Аурудың алдын алудың тиімді жолы вакцина егу. Ол эпидемиологиялық кезеңде нақты бір вирусқа қарсы иммунитет  қалыптастырады.