Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өтеді

Елордада тура бір аптадан кейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 21-ші хатшылығы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 24 елдің делегациясы қатысады. Түрлі наным-сенімнің өкілдері жаһанда болып жатқан дін тұрғысындағы өзекті мәселелерді талқыға салады. Биылғы хатшылықта «Съездің алдағы 10 жылға арналған даму тұжырымдамасын» қабылдау жоспарланып отыр. Бұл құжатта діни төзімділік, өзара диалог пен түсіністік қағидаттары көрініс табады. Сарапшылардың айтуынша, бұл алаңның өз ерекшелігі бар.

Салтанат Әлімқұлова, Өркениетаралық диалогты дамыту орталығының бас сарапшысы:

- Осы алаңның ерекшелігі басқа алаңдарға қарағанда, тек діни лидер жетекшілер ғана емес, сондай-ақ саяси қайраткерлер халықаралық ұйымдардың басшылары жетекшілері қатысып, алқалы жиын болғалы отыр және талқыланған мәселелер сөз күйінде ғана қалып қоймай, әрі қарай әлем қауымдастығына тарауына, мұнда көтерілген адамзатқа ортақ құндылықтардың әлемге таралуына өз септігін тигізеді деп күтілуде.