Степногорсктегі ЖЭО-ның жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығының жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы жылу беру маусымының басталуымен танысты. Биыл бұл шаһардағы жылу электр орталығын жөндеуге алғаш рет шамамен 5 млрд теңге бөлінген. Оның 2 млрд теңгесі Үкімет резервінен жіберілді. Мұнда орталықтың жеті турбогенератор мен 4 қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілді. Роман Скляр Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.