Шымкентте 5 науқасқа күрделі операция жасалды

Шымкентте 5 науқастың ми қантамырына операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев жетекшілік етті. Операция №2 аурухананың базасында жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастардың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті дәрігерлер шеберлік сабағына қатысып, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Астаналық нейрохирургтармен арадағы меморандум аясында 20-дан аса тәжірибе алмасу сабағы өткен. Сондай-ақ биыл 16 дәрігер шет мемлекеттерде біліктілік курстарына жолдама алған. Басты мақсат – ауруханалардағы күрделі хирургияны дамыту. 

Бақытжан Абдуллаев, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 2023 жылы 20-дан аса мастер-класс болды. Басқа мамандарды шақырта отырып, әрі қарай дамыту, күшейту. Өйткені әрбір операция мен әрбір клиниканың өзінің ерекшеліктері болады. 5 операция жасалды. Олардың барлығы – бізге жоспарлы түрде түскен науқастар.