«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің биылғы нәтижелері жарияланды

Ел жастарының көбі мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Бұл туралы Жастар ғылыми зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасы барысында белгілі болды. «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің биылғы нәтижелері жарияланды. Зерттеулерге сүйенсек, жастардың басым бөлігі дәстүрлі құндылықтарға, атап айтқанда, отбасына басым­дық берген. Сондай-ақ салауатты өмір сал­тын ұстану кейін­гі кезде жастар арасында ке­ңі­нен таралған. Зерттеуде еліміздің барлық аймағы қамтылды. 14 пен 35 жас аралығындағы 2 мың жас жаппай сауалнамаға қатысып, ашық пікірін айтқан. Айта кету керек, қазақстандық жастар саны 5 млн 700 мыңға жетті.

Сабина Шаймерденова «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басқарма басшысы:

- Біздің бұл жобамызда демография, денсаулық, білім беру, қоғамдық-саяси ахуал және әлеуметтік-экономикалық ортаның маңызды мәселелері қамтылды. Бұл зерттеу жұмыстары 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жүргізіледі. Мұнда кейінгі буынға қатысты барлық мәселелерге жан-жақты талдау жасаймыз.