Атырау облысында тұмауға қарсы вакциналау басталды

Атырау облысында тұмау мен жедел респираторлық-вирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүріп жатыр.

Әсіресе күн суытқалы балалар арасында ауру өрши бастады. 63 бала дене қызуы және аурудың басқа да белгілерімен ауруханаларға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері сенбі, жексенбі күндері емханаларға мониторинг жүргізіп, бақылауды күшейтті. Екпе жұмыстары алыс ауылдарды да қамтиды.

Айжұлдыз Айтқалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

- Осы жылы облыс бойынша тұмауға қарсы «Гриппол +» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынып, 1 қазаннан бастап вакцинациялау маусымы басталған болатын. Қазіргі таңда өңір бойынша жедел-жәрдем көмегінің 50 бригадасы қызмет атқаруда. Оның ішінде 26 бригада қала бойынша, ал 24 бригада аудан бойынша қызмет көрсетеді.