Ақтауда егеуқұйрықтарды улау жұмыстары басталды

Олар әсіресе жағалауға жақын аудандарда қаптап кеткен.

Сондықтан "Самал" жағалауы мен теңіз портына дейінгі аралық толық тазартылуға тиіс. Сол үшін 600 килограмм улы зат сатып алынды. Препарат адам аяғы баспайтын жерлерге, тастардың қуыс-қуысына қойылады. Екі-үш күннен соң өлген егеуқұйрықтар жинап алынады. Мамандардың айтуынша улы заттың мысық мен итке зияны жоқ. Жаңбырдың суы да шайып кетпейді. Себебі сыртына балауыз жағылған, демек ылғал өтпейді. Ақтауда соңғы рет егеуқұйрықтарды улау жұмыстары 2015 жылы жүргізілген.

Бахтияр Мақсатов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Егеуқұйрықтың қаптауына жаңа айтқандай мына департаменттің ұсыныс хатында осы бей-берекет жатқан қоқыстарға тұрғындардың заңсыз жерлерге қоқыс тастауынан орын алған. Жалпы сомасы 7 млн 200 мың теңге жаңағы айтқан аудан осы теңіз жағалауы толықтай және 16-шы, 17-ші шағын аудан. Осы қазан айының соңына дейін толықтай жұмыстар аяқталады.