12 қазан күні Астанада Digital Bridge 2023 форумы басталады

Бүгін елордада Орталық Азиядағы ең ірі «Диджитал Бридж-2023» форумы басталады.

Оған 15 елден 300-ден астам Айти-компания өкілі және 20 мыңнан аса инвестор мен спикер қатысады. Форумның негізгі тақырыбы әлемдегі жасанды интеллектің ролі болмақ. Яғни оның экономикадағы, өндіріс пен ғылымдағы тиімділігі талқыға салынады. Жиын 2 күнге созылады. Мұнда 30-дан астам пленарлық сессия мен бірқатар келісімге қол қою рәсімі жоспарланған.