М. Әбделсалам: Қазақстан – діни диалог алаңы

Орталық Азия – мұсылман ақсақалдар кеңесі үшін үлкен маңызға ие аймақ.

Халықаралық ұйымның бастамасымен жаһан жұртшылығы арасында бейбітшілікті, дінаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстанда жаңа өкілдік құрылды. Енді қазақ елі рухани құндылықтарды дәріптейтін діни диалог алаңына айналады. Ақсақалдар кеңесі сондай-ақ Қазақстанда Орталық Азияның БАҚ өкілдерімен форум өткізуді жоспарлап отыр. Бұл басқосу әлем елдерінде діни тұрақтылық пен төзімділікті сақтауға ықпал етеді, - дейді Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Әбделсалам.

Мұхаммед Әбделсалам, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы:

- Мұсылман ақсақалдар кеңесі Орталық Азияның бірнеше мемлекетінде межелі жоспарларын жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде өкілдікті ашуда Қазақстанды таңдауымыз бекер емес. Бұл бастама біз үшін стратегиялық маңызға ие. Сондай-ақ Қазақстан – руханият пен мәдениеттің қайнаған ортасы, тарихи мұраға бай. 20 жыл бойы бірлескен жұмыстарымыз бұл елдің діни диалог алаңына айналғанын аңғартады.