Венчурлық капитал нарығын құру

Танымал Мит зэ Дрэперс, реалити-шоуының бір эпизоды Қазақстанда түсірілуі мүмкін.

Бұл бастаманы бүгін Мемлекет басшысы ДРЭПЕР ФИШЕР ДЖЕВЕРТСОН компаниясының тең құрылтайшысы және Дрей-пер Университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпермен кездесу барысында құптады. Кездесу барысында тараптар венчурлық капитал мен стартаптар индустриясын дамыту мәселелерін, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен ынтымақтастық жайын талқылады. Тим Дрейпер өз компаниясының Орталық Азия өңіріне, атап айтқанда, Қазақстан нарығына зор қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев венчурлық капитал нарығын құру үшін, құқықтық және қаржылық негіз қала-нып жатқанына назар аударды. Еліміз ДРЭПЕР ФИШЕР ДЖЕВЕРТСОН секілді халықаралық қорлардың Қазақстан нарығына келуіне кең жол ашады. Кездесу соңында Президент ДИДЖИТАЛ БРИДЖ халықаралық форумына белсенді қатысқаны және мазмұнды баяндама жасағаны үшін Тим Дрей-перге алғыс айтты.