Елімізде жыл сайын 30 мың адамнан қатерлі ісік анықталады

Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік анықталады, 13 мыңнан астам науқас көз жұмады.

Оның ішінде өкпе обырынан қайтыс болу деңгейі жоғары - 16%. Бұл жағдайлардың 90%- ына темекі шегу себеп, - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дуд-ник. Онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітімнің 12%-ы асқазан обырынан, 11%-ы ішек обырынан болып отыр. Елде кейінгі 20 жылда онко-патологияға шалдығу 25%- ға артқан. Мамандар, қатерлі ісік 18 бен 63 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдарда анықталуы басым екенін де алға тартты. Жыл сайын 30 мыңға жуық операция жасалады. Сонымен қатар, жыл сайын балаларда 600-ге жуық қатерлі ісік жағдайы анықталады. 4 мың бала бақылауда. Аймақтарда 500-ден астам онколог дәрігерінің кабинеті жұмыс істейді. Және 204 аудандық ауруханаға онколог қажет.

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Қатерлі ісік дертіне күдікті пациенттер үшін "жасыл дәліз" енгізілді. 250 – ден астам онколог оқудан өтті, оның 95-і шет мемлекеттерде, мәселен, Израиль, Германия, Нидерланды, Франция. Балалар онкологиялық-гематологиялық қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. 2012 жылдан бері елімізде балаларға гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау жүргізіліп келеді. Бүгінде біз осындай 340-тан астам операция жасадық.