Өскемендіктер тұмауға қарсы жаппай вакцина алып жатыр

Өскеменде 35 мыңға жуық адам тұмауға қарсы вакцина салдырды

Облыста 179 егу кабинеті ашылып, 75 мыңнан аса вакцина сатып алынды. Халықтың, сырқаттан сақтануға ынтасы жоғары. Үш аптаның ішінде 35 мыңға жуық адам екпе салдырған. Соңғы күндері аймақта ауа райы күрт салқындап, жіті респираторлы-вирустық инфекцияның өршігені байқалады. Дәрігерлер ауа арқылы таралатын ауруларға, төтеп берудің жалғыз жолы - вакцина алу деп отыр.

Қанат Тұрдиев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Ресейде шығарылған Гриппол плюс, тиімділігі өте жоғары вакцина. Бүгінгі күнге дейін облыста 19 832 ОРВИ жағдайы, бұл жіті респираторлы-вирустық инфекция тіркелген. Соның жартысына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Вакцинациялау облыста тегін жүргізіледі қатер топтарына және төлемді түрде жүргізіледі. 

Наталья Старцева, қала тұрғыны:

- Тұмауға қарсы вакцина алу қажет. Былтыр қыста салқын тиіп, жиі ауырдым. Дәрі-дәрмекке қыруар ақша жұмсалды.